Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысының, "Воздвиженка ауылын Нұресіл ауылына, Воздвиженка ауылдық округін Нұресіл ауылдық округіне өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № А-1/157 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 219/30-5 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының Воздвиженка ауылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылы деп қайта аталсын.
2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Воздвиженка ауылдық округі Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округі деп қайта аталсын.
3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А.Тайшытаев |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |