Ақмола облысы Атбасар ауданының Новоалександровка ауылын және Новоалександровка ауылдық округін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/577 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 5704 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысының, "Новоалександровка ауылын Бастау ауылына, Новоалександровка ауылдық округін Бастау ауылдық округіне өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № а-10/454 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/4 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Атбасар ауданының Новоалександровка ауылы Ақмола облысы Атбасар ауданының Бастау ауылы деп қайта аталсын.
      2. Ақмола облысы Атбасар ауданының Новоалександровка ауылдық округі Ақмола облысы Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі деп қайта аталсын.
      3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады