Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.04.2018 № С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 2-ші кезекті сессиясының төрағасы |
В.Шиманский |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2016 жылғы "26" сәуір
Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 шешіміне 1 қосымша |
Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары
1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;
7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Департаменті;
10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалар Көкшетау қаласы аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органдардың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
6. Әлеуметтік көмек:
1) ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы;
2) заттай нысанда көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) кезеңімен (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) ұсынылады.
8. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:
1) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерді шығарған күні;
2) 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күні;
4) 9 мамыр – Жеңiс күнi;
5) 31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні;
7) 1 қазан – Қарттар күнi;
7-1) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонын жабу күні.
Ескерту. 8 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 25.11.2016 № С-5/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Алушылар санатының тiзбесiн, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерiн, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерiн жергілікті атқарушы органдарбелгiлейдi және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен бекiтiледi.
10. Өмірлік қиын жағдай туындағанда келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек 3 ай ішінде көрсетіледі:
1) Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селосында, Чайкино кентінде тұрақты тұратын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет отбасының бір мүшесіне:
балаларды ұстауға, 1 қыркүйекке мектепке дайындауға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларды сауықтыруға мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен жолдама сатып алу;
күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттерінің оқуы үшін төлеміне оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға байланысты, табысын есепке алмай, жылына бір рет:
туберкулез ауруларымен ауыратын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға әлеуметтік төлемдер бойынша комиссия шешімімен табысы есепке алынбастан, Ақмола облыстық тубдиспансерінің тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе үш ай бойы азық-түлік жиынтығын және емделген кезде қала бойынша жүріп тұруға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде соманы;
жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлар анықталғанда, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, апат, лаңкестік жағдайында бөлінген қаражатқа байланысты;
3) 1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін өтініштің берілген күніне сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізіп, кезек бойынша;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындары үшін 100 пайыз мөлшерінде, ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен:
сумен, канализация, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына;
байланыс қызметтерін (абоненттік төлем), газбен жабдықтауға алушылардың шотына.
Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысқа қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай бір шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына аударылады.
Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;
5) отбасының жанбасына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға жолақы құжаттарының негізінде (ары-бері жүруіне) Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу;
7) Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелерімен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстарында оқитын студенттерінің оқуы үшін төлемді ұсынылған шотқа сәйкес 100 пайыз төлеу;
8) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Заңына және өткізілген конкурсқа сәйкес ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен, туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы құны 300 теңгеге ыстық тамақ ұйымдастыруға;
9) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілгенге, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға, жан басына шаққан табысы кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасыларға Қазақстан Республикасының "Теледидар жүргізу туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен қамтамасыздандыру үшін жабдықтың құны мөлшерінде өтініш бойынша көмек көрсету;
10) көру бойынша 2 топ мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін жылына бір рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерінде көрсетіледі;
11) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Көкшетау қаласында жұмыспен өтеу есебімен.Төлем оқу құнының 100% мөлшерінде білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.
11. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органның келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.
13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Әлеуметтік көмек алу үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген өтініш беуші өз атынан немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала,село, кент әкіміне:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;
2) мекенжай анықтамасын;
3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табысы туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні не басқа да құжаттарды өтінішке қоса ұсынады.
15. Құжаттардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
16. Өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмек беруге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, село әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда уәкілетті орган тиісті органдардан әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректерінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы табысының есептеулерін жүргізеді және арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мөлшері көрсетілген әлеуметтік көмек тағайындау туралы қорытындыны шығарады.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және арнайы комиссияның әлеуметтік көмек тағайындау туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартылған жағдайда-негіздемесі көрсетіліп) өтініш берушіні хабардар етеді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтату және қайтару негіздемелері
26. Әлеуметтік көмек:
1) өтініш беруші қайтыс болған;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тұрақты тұруға кеткен;
3) өтініш берушіні мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) жалған мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингілеуді және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/ 7 шешіміне 2 қосымша |
Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 17 қыркүйегінде № 3804 тіркелген, 2013 жылдың 19 қыркүйегінде "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
2. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылдың 27 тамызындағы № С-19/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылдың 21 қарашадағы № С-21/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 тіркелген, 2013 жылдың 26 желтоқсанында "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
3. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылдың 27 тамызындағы № С-19/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылдың 24 желтоқсандағы № С-32/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4605 тіркелген, 2015 жылдың 29 қаңтарында "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
4. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылдың 27 тамызындағы № С-19/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылдың 16 ақпандағы № С-34/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 тіркелген, 2015 жылдың 12 наурызыңда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
5. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылдың 27 тамызындағы № С-19/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылдың 22 қыркүйекте № С-41/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5015 тіркелген, 2015 жылдың 22 қазанында "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған).