Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2020 № С-49/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5372 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2) Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы № С-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Көкшетау" және "Степной маяк" газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 20- шы кезектен тыс сессиясының төрайымы |
З.Нұрымова |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
И.Юрченко |
2018 жылғы "06" сәуір
Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 06 сәуірдегі № С-20/4 шешімімен бекітілген |
Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Көкшетау қаласының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органымен есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган – "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалар Көкшетау қаласы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
6. Әлеуметтік көмек:
1) ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шоттарына аудару жолымен көрсетіледі;
2) заттай нысанда көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерді шығару күні;
2) 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні;
4) 9 мамыр – Жеңiс күнi;
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні;
7) 1 қазан – Қарт адамдар күні;
8) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонын жабу күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 3 ай ішінде келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селосында, Чайкино кентінде тұрақты тұратын кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет отбасының бір мүшесіне:
балаларды 1-ші қыркүйекке мектепке дайындауға әр балаға 15 есептік айлық көрсеткіш, отбасына 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
балаларды ұстау үшін (киім, тамақ сатып алуға) әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш, отбасына 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттерінің оқуы үшін төлеміне оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
2) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) кірісті есепке алмай әрбір өтініш берушіге жылына бір рет:
денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, химиятерапиядан өткен, туберкулезге шалдыққан, мектеп жасындағы балаларға, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фтизиатрия бөлімшесінің анықтамасы негізінде - 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фтизиатрия бөлімшесінің анықтамасы негізінде - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фтизиатрия бөлімшесі тізімі негізінде әлеуметтік төлемдер бойынша комиссия шешіміне сәйкес үш ай бойы азық-түлік жиынтығы және емделу кезеңінде 15 айлық есептік көрсеткіш есебінде қалада жүруге қажетті соманы беру;
денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған онкологиялық ауруларға Ақмола облыстық диспансердің анықтамасы негізінде - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, су апаты, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да айрықша жағдайлар анықталғанда отбасының бір мүшесіне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша сатып алынған сауықтыру үшін жолдама;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық төлемдер шығындарына 100 пайыз мөлшемде ай сайын:
сумен, канализация, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;
байланыс қызметтерін (абоненттік төлем), газбен жабдықтауға алушылардың жеке шоттарына.
Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша суйекті отыны жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шоттарына аударылады немесе ұсыналған суйекті отын алуға үшін квитанцияларына сәйкес.
Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;
5) жанбасына шаққандағы орташа жиынтық табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында тегін балама жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу мөлшерінде бір рет;
7) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға, 18 жасқа дейінгі 4 баласы бар көпбалалы отбасыларға, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға Қазақстан Республикасының "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету үшін жабдықтың құны мөлшерінде біржолғы көмек көрсету;
8) көру бойынша 2 топ мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
9) жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Көкшетау қаласында жұмыс істейтіндігі есепке алынып. Төлем оқу құнының 100% мөлшерінде білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, студент және Көкшетау қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдары арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтарға қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.
10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiленген бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органның келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.
12. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) Көкшетау қаласының шегінен тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.