Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.04.2018 № С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5372 тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:
8 тармақ келесі мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"7-1) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонын жабу күні.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 5-ші кезектен тыс сессиясының төрағасы, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2016 жылғы "25" қараша