2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № а-3/141 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5290 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № а-4/182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 18.04.2016 № а-4/182 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (үш айдан артық);
      2) орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      3) бұрын жұмыс істемегендер;
      4) мүгедектік есебінен шығарылғандар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады