Ақкөл ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № А-8/221 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5529 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" тамыздағы
№ А-8/221 қаулысына
қосымша

Ақкөл ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
      3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау, іссапар және қызметтік сапарлар.
      7. Нысаналы ағымдағы трансфеттер және республикалық және облыстық бюджеттен дамыту трансферттері, бюджеттік несиелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады