Ақкөл қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № С 8-6 шешімі және Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № Ә-12/384 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 5696 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл қаласының көшелері:
      50 лет Октября көшесі - Балуан Шолақ көшесіне;
      Казарма 385 шақырым көшесі - Темір жол көшесіне;
      Цурюпин көшесі – Көктал көшесіне қайта аталсын.
      2. Ақкөл қаласының атауы жоқ көшелері мен ықшам ауданына келесі атаулар берілсін:
      Тубгородок ауданындағы жаңа ықшам ауданына - Астана шағын ауданы;
      Телемұнара ауданындағы атауы жоқ көшесіне – Өрлеу көшесі;
      Ж. Бектұров көшесінің ар жағында орналасқан атауы жоқ көшелерге - Жаңа ел көшесі, Жерұйық көшесі, Кұрылыс көшесі;
      Пушкин көшесінің бас жағындағы атауы жоқ көшеге – Шаңырақ көшесі;
      Заготконтора ауданындағы атауы жоқ көшесіне – Оңтүстік көшесі;
      Комсомольская - М. Мәметова көшелері арасындағы атауы жоқ көшеге - Ұлы көш көшесі.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының
төрағасы
Н.Пигнастеев
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов
      Ақкөл аудандық
мәслихатының
хатшысы
Ж.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады