Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округі 42 Разъезді елді мекенінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № А-12 қаулысы және Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 48/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпанда № 5238 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аумақтарда Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округі 42 Разъезді елді мекенінің шекаралары (шегін) белгіленсін.
      2. «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер - есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов

      Аршалы аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   Е.Казбеков

      Аршалы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ю.Сериков

Аршалы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ А-12 бірлескен қаулысына
және Аршалы аудандық  
мәслихатының 2016 жылғы 
15 қаңтардағы № 48/3  
шешіміне қосымша    

Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округі 42 Разъезді елді мекені жерінің Экспликациясы

гектар

Елді мекен аумағына қосылады

Соның ішінде

Құрылыс шекарасы ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Темір жол көлігінің жері

Электр желілері астында

Бөгет

Басқа жерлер

418,6539

68,8500

196,2718

43,331

0,0641

1,0200

109,117

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады