Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № а-11/383 "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № а-1/6 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 ақпанда № 5240 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № а-11/383 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5121 тіркелген, аудандық «Атбасар» газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында, аудандық «Простор» газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған) «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына келесідей өзгертулер енгізілсін:
      осы қаулыға қосымшаны қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Никишов

Атбасар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «15» қаңтардағы
№ а-1/6 қаулысына қосымша

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

530

0

21591

0

2

Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

492

0

13638

0

3

Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

110

0

6819

0

кестенің жалғасы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

21591

0

12145

0

13638

0

12145

0

6819

0

6500

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады