Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № а-11/383 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5121 тіркелген, аудандық "Атбасар" газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында, аудандық "Простор" газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған) "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына келесідей өзгерту енгізілсін:
осы қаулыға қосымшаны қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Никишов |
Атбасар ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы "22" маусымдағы | |
№ а-6/213 қаулысына | |
қосымша |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 530 | 0 | 23869,7 | 0 |
2 | Балалар толық күн болатың мектеп жанындағы шағын орталық | 492 | 0 | 16921,6 | 0 |
3 | Балалар жарты күн болатың мектеп жанындағы шағын орталық | 110 | 0 | 8460,8 | 0 |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік |
23869,7 | 0 | 12145 | 0 |
16921,6 | 0 | 12145 | 0 |
8460,8 | 0 | 6500 | 0 |