Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 6С 3/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5473 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С 17/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 09.02.2018 № 6С 17/8 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданының әкімі А.Н. Никишов

      22 маусым 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Ж.Үсембаев

      22 маусым 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады