Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С 17/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 6421 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С 16/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 7С 16/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 6С 3/8 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.Ә.Қалжанов

      9 ақпан 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Атбасар
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Ж.Үсембаев

      9 ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады