Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5647 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 14.12.2018 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4053 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 сәуірде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланды) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      осы шешім қосымшасының 15 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
      "15. №226 сайлау учаскесі. Шекарасы: Поповка ауылы";
      осы шешім қосымшасының 24 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
      "24. №237 сайлау учаскесі. Шекарасы: Новомариновка ауылы".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Никишов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Т.Боранбаев

      "28".11.2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады