Новомариновка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5646 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Новомариновка ауылының көшелері қайта аталсын:
      №1 көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      №2 көшесі Целинная көшесіне;
      №3 көшесі Жеңіс көшесіне;
      №7 көшесі Достық көшесіне;
      №8 көшесі Отан көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Атбасар ауданының
       С.Валитова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Атбасар ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
Ж.Қалиякбарова

      2016 жылы "28".11.
      "Атбасар ауданының сәулет және
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Жанабаев

      2016 жылы "28".11.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады