Садовое ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 5720 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірі ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысының негізінде, Покровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Садовое ауылының көшелері қайта аталсын:
      № 1 көшесі Бірлік көшесіне;
      № 2 көшесі Бәйтерек көшесіне;
      № 3 көшесі Сарыарқа көшесіне;
      № 4 көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;
      № 5 көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       Ж.Текенев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Атбасар ауданының
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін
атқарушы
Ж.Қалиякбарова

      2016 жылғы "28".12.
      "Атбасар ауданының сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
М.Жанабаев

      2016 жылғы "28".12.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады