Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 6С-69-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі 1 тармағына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі 1 тармағына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2 тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс күні;
3) 1 қазан - Қарттар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі – Мүгедектер күні.";
8 тармақтың 5), 9), 11) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мөлшерде жиынтығында зейнетақы төлемдер алатын зейнеткерлер – Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";
"9) жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларына (азаматтарға):
қайтыс болғандығы туралы анықтаманың негізінде кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне;
дәрігерлік - кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбесіне енгізілмеген дәрілік препараттарын алуға;";
"11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай, жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";
11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/ немесе құжатты ұсынады.";
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материялардық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті орғанға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті орғанға жібереді.";
келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
И.Шеин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімдігі |