Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С20-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Егіндікөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
М.Бектуров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б.Абилов |
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі | Н.Төлепов |
2016 жылғы 1 шілде
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Егiндiкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы |
Т.Н.Ахметуллин |
2016 жылғы 1 шілде