Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С20-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6394 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 7С15-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 7С15-4 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Егіндікөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 1 шілдедегі № 6С5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда аудандық "Алтын астық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ.Ошақбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2018 жылғы 30 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Егiндiкөл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Т.Ахметуллин

      2018 жылғы 30 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады