Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 6С-50/14-20 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А.Сырымбетов |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
"24" тамыз 2016 жыл
Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамызы № 6С-6/5-16 шешіміне қосымша |
Ерейментау ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртiбi
1. Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, орталық алаң;
2) Ерейментау қаласы, Үмбетей жырау атындағы көшесі мен Ш. Уалиханов көшесінің қиылысындағы алаң.
2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
Ерейментау қаласы, Жеңіс көшесі мен А. Құнанбаев көшесінің қиылысынан бастап, әрі қарай А. Құнанбаев көшесімен Үмбетей жырау атындағы көшесінің қиылысына дейін.
3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.
4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет;
2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат етіледі.
5. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Ерейментау ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.