"Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне, автотұрақтарға (паркингтерге), жанар май құю станцияларына бөлінген (қалдырылған) жерлерден басқаларына жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 5С-41/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 6С-2/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5313 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 7С-18/2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 9 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне, автотұрақтарға (паркингтерге), жанар май құю станцияларына бөлінген (қалдырылған) жерлерден басқаларына жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 5С-41/7 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Жарқайың тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 12 маусымда "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбындағы, 1 тармағындағы және 1, 2 қосымшаларындағы "автотұрақтарға (паркингтерге), жанар май құю станцияларына бөлінген (қалдырылған) жерлерден басқаларына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Мыңбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының
әкімі
А.Үйсімбаев

      18.04.2016

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г.Пугачева

      18.04.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады