Жарқайың аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 "Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 6С-4/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 5542 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 6С-56/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.07.2020 № 6С-56/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Жарқайың ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2. Жарқайың ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары анықталсын:
      1) Державин қаласы, орталық алаң, Ленин көшесі, 34;
      2) Державин қаласы, аудандық мәдениет үйінің алдындағы кіші алаң, Захаров көшесі, 37.";
      5 тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе тура көрініп тұрулары" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Меджидов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      22.08.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады