Жарқайың аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 6С-56/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 шілдеде № 7971 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, 2016 жылы 10 маусымда "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған);

      2) Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 "Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 22 тамыздағы № 6С-4/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5542 тіркелген, 2016 жылы 30 қыркүйекте "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Аубакиров
      Жарқайың аудандық мәслихатының
хатшысы
У.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады