Жақсы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 қазандағы № 6ВС-7-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5576 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6ВС-36-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 26.12.2018 № 6ВС-36-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жақсы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2 .Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Б.Жанәділов
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

      2016 жыл "06" 10

  Жақсы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 6ВС-7-5 шешіміне
қосымша

Жақсы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданы аумағында тұрақты тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүгінеді.

      3. Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады, мыналарды қоспағанда:

      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);

      еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (3 жасқа дейінгі балаларға және медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын тұлғалардан басқалары).

      Заңсыз және аса көтерілген тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркімен, бас тартқан жағдайда сот тәртібі арқылы қайтарады.

      4. Коммуналдық қызметтер бойынша шығыстар коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      5. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде іске асырылады. Тұрғын үй көмегінің төлемдері ай сайын бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыру шамасына сай жүргізіледі.

      Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

      6. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудан бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 тіркелген) негізінде есептеледі.

      8. жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын алғанда отбасының (азаматтың) белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 31.03.2017 № 6ВС-11-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Тұрғын үй көмегі осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың нормалары мен шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй алаңының нормасы жалғыз тұратын азаматтар үшін отыз шаршы метр көлемінде белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.

      11. өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, электр қуатының шығын нормасы 1 адамға айына 100 киловатт және отбасыға 150 киловатт болып қабылданады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 31.03.2017 № 6ВС-11-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12 Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, су қолдану бір адамға айына 1,5 текше метр болып қабылданады.

      13. Белгiленген нормадан тыс төлем тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпыға бірдей негiзде жүргiзiледi.

      14 Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек. Қатты отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес, алдыңғы тоқсанда Жақсы ауданы бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.

      15. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады