Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Ақмола облысының Әділет департаментінде № 5414 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2016 жылдың 17 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
1 тараудың 2 тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) "уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Сандықтау аудандық бөлімшесі;";
2 тараудың 11 тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, бір рет 15 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |
2016 жылғы 23 қараша