Қосшы ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5665 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Қосшы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Целиноград ауданы Қосшы ауылының Новая көшесі Баубек батыр көшесіне қайта аталсын.
      2. Целиноград ауданы Қосшы ауылының ГПС көшесі Тоғанас батыр көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданы
Қосшы ауылдық округінің
әкімі
Д.Қалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Целиноград ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Сүйінжанова

      "20" 12. 2016 жыл
      "Целиноград ауданының сәулет және
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
Ж.Абилов

      "20" 12. 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады