"Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 360 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 18 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 ақпанда № 4751 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 7.09.2016 № 386 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 360 "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ереженің 17-тармағындағы 84), 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "84) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізуін, астықты сақтауын, астық қолхаттарын беруін, олардың айналымын және оларды өтеуін бақылау;";
      "93) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;";
      14), 15), 16), 42), 50), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 76), 77), 78), 79), 91), 95), 98), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109) тармақшалар алынып тасталсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады