"Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 360 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашада № 4562 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 7.09.2016 № 386 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 360 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 149 "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаменті" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2 тармағы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 196 "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 385 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 204 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 360 қаулысымен бекітілген

"Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: - "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      14. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілетінің жаңа сапалы деңгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету.
      16. Міндеттері:
      1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
      3) бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттық әлеуетін арттыру;
      4) агроөнеркәсіп кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету.
      17. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) агроөнеркәсіп кешені субъектілерiн "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы және дамуы туралы ақпараттарды агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну;
      4) қолданыстағы заңнамаға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстары әзірлеу;
      5) облыстың аграрлық секторында тиісті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал ету;
      6) бюджеттік бағдарламалар, өтінімдер, агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын дамыту есебін орындау облыстық бюджет қаражат есебінен әзірлейді және оның ағымдағы және үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;
      7) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып есептелетін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырады және есебін жүргізу;
      8) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік, қаржылық және басқа да есептерді уақытылы жинақтауды және тапсыруды жүзеге асыру;
      9) агроөнеркәсіп кешені кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, агроөнеркәсіп кешенінің салаларын мамандармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;
      10) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      11) астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын бақылау;
      12) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
      13) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
      14) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      15) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      16) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      17) субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының басым дақылдар өндіруде өнiмнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар майдың құнын және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату шараларды ұйымдастыру;
      18) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;
      19) карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
      20) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
      21) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмінін жобасын дайындау;
      22) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      23) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
      24) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізу;
      25) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;
      26) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
      27) облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;
      28) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
      29) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
      30) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістері және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту бойынша ұсыныстар енгізу;
      31) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      32) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
      33) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
      34) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      35)сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      36) Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      37) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
      38) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      39) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      40) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      41) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
      42) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      43) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;
      44) ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия бөлу;
      45) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
      46) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында сұрыптау жөніндегі деректерді жинайды және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;
      47) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
      48) мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялау;
      49) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
      50) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      51) өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру;
      52) агроөнеркәсіп кешен өнімдерін сату бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;
      53) агроөнеркәсіп кешен өнімдерінің бағаларына және базарларына, азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу;
      54) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;
      55) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;
      56) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
      57) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
      58) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      59) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;
      60) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізу;
      61) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу өнімдері өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау;
      62) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      63) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      64) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      65) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      66) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      67) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      68) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      69) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      70) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      71) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      72) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      73) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      74) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      75) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      76) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      77) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      78) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      79) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      80) мынадай:
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарының лизингке алу;
      машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту;
      машина-технологиялық станциялардың (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiне мониторинг жүргізу;
      агроөнеркәсіп кешен субъектілерiнің ауыл шаруашылығы техникасы және құрал-жабдықтарына несиелендіру уақытында проценттік ставкаларды арзандатуды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;
      81) ауыл шаруашылығының өндірісін қажеттілігіне қарай жанаржағар маймен қамтамасыз етуін ықпал ету;
      82)агроөнеркәсiп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      83) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      84) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізуін, астықты сақтауын, астық қолхаттарын беруін, олардың айналымын және оларды өтеуін бақылау;
      85) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      86) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      87) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
      88) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      89) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      90) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
      91) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      92) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
      93) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      94) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
      95) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      96) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
      97) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      98) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      99) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
      100) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
      101) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы шешімінің дайындау;
      102) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      103) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      104) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      105) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      106) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      107) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      108) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      109) алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      110) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      111) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      112) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
      113) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрау және алу;
      114) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу
      115) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша хаттамаларды жасау;
      116) агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
      117) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесіне көшіру үшiн жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
      118) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
      119) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
      120) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
      121) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің:
      1) өзіндегі жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыруға;
      2) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар құру туралы ұсыныстар беруге;
      3) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленуге және пайдалануға;
      4) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
      "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      2) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Басшының өкілеттігі:
      1) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) заңнамаға сәйкес "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      3) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
      6) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапты болады.
      23. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      27. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады