"Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 283 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 126 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 мамырда № 4883 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 283 "Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3415 тіркелген, 2012 жылғы 25 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Индустриялық - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Заңының 8-бабына" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармағында "(М.С.Жұмағазиев)" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевкежүктелсін.";
      Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Индустриялық - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Заңының 8-бабына" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармағының 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) агроөнеркәсіп кешенінде субъектілері (бұдан әрі – АӨК субъектісі) - агроөнеркәсіп кешенінде қызметтерін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
      2) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – облыстың АӨК саласында инновациялық тәжірибені тарату және ендіру бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты өкілетті орган (бұдан әрі – Бағдарлама әкімшісі);";
      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтінім берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба;
      3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары;
      4) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы;
      5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;
      6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      7) заңды тұлғалар үшін:
      заңды тұлғаның нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтаманың немесе куәліктің түпнұсқасы;
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі түпнұсқа анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған реттерді қоспағанда);
      өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
      ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;
      8) жеке тұлғалар үшін:
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
      салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе барлығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
      9) екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы өтініш берушіден растама хат.";
      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Комиссияның құрамына: ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілді органдардың өкілдері (келісім бойынша), қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша), Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкер палатасының өкілдері (келісім бойынша) енгізіледі.";
      15–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Бағдарлама әкімшісі комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады