"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 191 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 209 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 4965 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 30.12.2019 № 532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11304 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 191 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4410 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) "Туберкулез диспансерінен анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) "Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) "Наркологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      8) "Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      9) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      10) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      11) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";
      12) "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";
      2) "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
24 мамырдағы 2016 жылғы
№ 209 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
5 маусымдағы 2015 жылғы
№ 191 қаулысымен бекітілген

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алумүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінулерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен бекітілген "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - келісім беруді тіркеу туралы анықтама) не Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама (бұдан әрі - келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама);
      2) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама) беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
      Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу медициналық–санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) медициналық ұйымдарымен "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) ақпараттық-жүйесінде тиісті МСАК ұйымында туркелімі болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісу немесе келісімді қайтарып алу туралы мәліметтер құпиялы болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 4 немесе 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
      Құжаттарды қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
      келісім беруді тіркеу туралы анықтама беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оған Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу үшін өтініш үлгісін береді.
      Нәтижесі – транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу үшін өтініш толтырылады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға қарсы көрсетілімдердің (туберкулез, адамның иммундық тапшылық вирусы/жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (бұдан әрі - АИТВ/ЖИТС), В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар) жоқтығы жөніндегі мәліметтерді "Диспансерлік науқастар тіркелімі" жүйесінде тексерісті жүзеге асырады.
      Нәтижесі – келісім беруді тіркеу туралы анықтаманы немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтаманы толтырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігеріне жолдайды.
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісім беруді тіркеу туралы анықтамаға немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтамаға танысып, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды.
      Нәтижесі – келісім беруді тіркеу туралы анықтаманы немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісім беруді тіркеу туралы анықтамаға немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтамаға ұйымның мөрін басады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 360 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11381 тіркелген) "Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді.
      Нәтижесі – келісім беруді тіркеу туралы анықтаманы немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтаманы береді;
      келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оған Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру қайтарып алуды тіркеу үшін өтініш өтініш үлгісін береді.
      Нәтижесі – транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру қайтарып алуды тіркеу үшін өтініш өтініш толтырылады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 2 (екі) жұмыс күні ішінде транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналындағы мәліметтерді тексереді.
      Нәтижесі – келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтаманы толтырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігеріне жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтамаға танысып, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды.
      Нәтижесі – келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтамаға ұйымның мөрін басады және Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді.
      Нәтижесі – келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтаманы береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
      келісім беруді тіркеу туралы анықтамаберу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оған Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу үшін өтініш үлгісін береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға қарсы көрсетілімдердің (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар) жоқтығы жөніндегі мәліметтерді "Диспансерлік науқастар тіркелімі" жүйесінде тексерісті жүзеге асырады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісім беруді тіркеу туралы анықтамаға немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтамаға танысып, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісім беруді тіркеу туралы анықтамаға немесе келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтамаға ұйымның мөрін басады және Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді.
      келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оған Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімберу қайтарып алуды тіркеу үшін өтініш өтініш үлгісін береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 2 (екі) жұмыс күні ішінде транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналындағы мәліметтерді тексереді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтамаға танысып, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің үйлестіруші-дәрігері 30 (отыз) минут ішінде келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтамаға ұйымның мөрін басады және Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу және тіркеуден бас тарту журналына жазба жүргізеді.
      Нәтижесі – келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтаманы беру.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "АИТВ-инфекциясының
болуына ерікті анонимді және
міндетті құпия медициналық
тексерілу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады