1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1, 2, 3-қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА |
Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2016 жылғы 03 маусымдағы № 24 облыстық мәслихаттың шешіміне 1- қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне 1- қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары
№ | Қосалқы сүрек ресурстары-ның түрлері | қабық-тар, тонна (АЕК) | бұтақ-тар, тонна (АЕК) | түбiр-лер, тонна (АЕК) | тамыр- лар, тонна (АЕК) | жапырақ-тар, тонна (АЕК) | бүршiктер, килограмм (АЕК) |
1. | Қарағай | 0,021 | 0,042 | 0,0105 | 0,063 | 0,0315 | 0,021 |
2. | Емен, шаған | 0,041 | 0,082 | 0,0205 | 0,123 | 0,0615 | 0,041 |
3. | Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке | 0,014 | 0,028 | 0,007 | 0,042 | 0,021 | 0,014 |
4. | Қайың | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,048 | 0,024 | 0,016 |
5. | Көктерек, ағаш тектес тал, терек | 0,011 | 0,022 | 0,0055 | 0,033 | 0,0165 | 0,011 |
6. | Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар | 0,012 | 0,024 | 0,006 | 0,036 | 0,018 | 0,012 |
2016 жылғы 03 маусымдағы № 24 облыстық мәслихаттың шешіміне 2- қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне 2- қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ р/с | Жанама орман пайдаланудың түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары, теңге |
1. | Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша: | | |
1.1 | жақсы | гектар | 1564 |
1.2 | қанағаттанарлық | гектар | 1173 |
1.3 | нашар | гектар | 912 |
2. | Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін: | | |
2.1 | түйе | бас | 912 |
2.2 | ірі қара мал, жылқы | бас | 730 |
2.3 | ірі қара малдың төлі, есек | бас | 365 |
2.4 | ешкі | бас | 638 |
2.5 | қой | бас | 182 |
3. | Орман қоры учаскелерін бау-бақша, басқадай ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, плантациялық орман өсіру мен орман тәлімбақтарын ұстау үшін қолдану | | |
3.1 | ауданы 0,50 гектарға дейін болса | 0,01 гектар | 20 |
3.2 | ауданы 0,50 гектардан жоғары болса | 0,01 гектар | 100 |
2016 жылғы 03 маусымдағы № 24 облыстық мәслихаттың шешіміне 3- қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 облыстық мәслихаттың шешіміне 3- қосымша |
Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ р/с | Пайдалану түрлері, соның ішінде мерзімдері бойынша | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары (теңге, АЕК) |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану | гектар | 5946 |
2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | гектар | 652 |
3. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану | гектар | 1303 |
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін) | |||
4. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану | адам-күн | 0,1 АЕК |
5. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | адам-күн | 0,1 АЕК |