Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 шілдеде № 4977 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 14.04.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 5-2/286 санды ұсынысы негізінде Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына ірі мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Благодар ауылдық округінің әкімі Б. Дарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады