Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі Өрлеу ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 5242 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 және 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 және 14 бабының 4) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 16 маусымдағы № 2 хаттаманың қорытындысы негізінде Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі Өрлеу ауылының көшелері қайта аталсын:
      "Хутор" көшесін –Жерұйық;
      "Буранная" көшесін – Үркер;
      "Строительная" көшесін – Бәйтерек;
      "Растениеводческая" көшесін – Тұлпар;
      "Новый" көшесін – Шаңырақ;
      "Комбайнерная" көшесін – Ақниет;
      "Тракторная" көшесін – Таңшолпан;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Шалабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қурайлы ауылдық округінің әкімі М.Тұрмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады