Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 сәуірде № 4835 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 21.12.2016 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 16 ақпан № 5-2/89 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сазды ауылдық округінің Мағджан орман шаруашылығында орналасқан "Кіші-құм" шаруа қожалығы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Мухановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сазды ауылдық округі әкімі А.Унгарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады