Шектеу іс-шараларын алу және Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 5185 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы №5-2/551 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сазды ауылдық округінің Мағаджан орман шаруашылығында орналасқан "Кіші-құм" шаруа қожалығы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринариялық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 18 наурыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, 2016 жылдың 11-12 сәуірінде "Ақтөбе" және Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Мухановқа жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сазды ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А.Муханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады