Аралтоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 14 наурызда № 4783 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Аралтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аралтоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Аралтоғай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 28 сәуірдегі №7 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-79 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымдағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне:
      кіріспедегі "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын;
      мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Аралтоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №6 "Аралтоғай селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-118 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталынсын.
      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аралтоғай ауылдық округінің әкімі Р.Сейтова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады