Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 7 мамырда N 3-2-79 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Аралтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Аралтоғай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге Қияқты, Милы және Ұлғайсын ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қияқты, Милы және Ұлғайсын ауылдарының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін.
      Қияқты елді мекеніне
      1) Әлия Молдағұлова – Ақтөбе облысы Хобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың қаһарман батыр қызы. 1944 жылы 15 мамырда Псков облысы, Новосокольники станциясындағы шайқаста мерт болған. Кеңес Одағының батыры.
      2) Шәмші Қалдаяқов – Қазақтың белгілі сазгері, композитор.
      Милы елді мекеніне
      1) Қуандық Шаңғытбаев - белгілі қазақ ақыны, лирик.
      2) Тахауи Ахтанов – белгілі қазақ жазушысы, драматург.
      3) Ыбырай Алтынсарин – Ұлы халық ағартушысы.
      Ұлғайсын елді мекеніне
      1) Бүркітәлі Сисекенов – белгілі қоғам қайраткері.
      2) Сырлыбай Бекбаев – қазақ ағарту саласында өнімді еңбек еткен, қоғам қайраткері.
      3) Абай Құнанбаев – қазақ халқына белгілі ақын, данышпан философ.
      2. Осы шешім әділет басқармасына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аралтоғай ауылдық округі әкімі: А.Дошаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады