1. Тамды селолық округі әкімінің 2009 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 26 "Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-88 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 қазанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тамды ауылдық округінің әкімі | А. Еспағамбет |