Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 52 ұсынысы негізінде Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қопа ауылдық округінің Ақмола қыстағындағы ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | М.Байтақ |