Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 19.01.2018 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2016 жылғы 26 қазандағы ұсынысы негізінде, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қарауылкелді ауылының "Бармақ батыр", "Барақ батыр", "Құрылысшылар" және "Қазақстан" көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі: | Е.Калиев |