Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 12 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 ақпанда № 4745 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 21.05.2018 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Реквизиттерінде, атауында және мәтіні бойынша орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинскому" сөздері "Кобдинского", "Кобдинскому" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 24.04.2017 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Құловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қобда аудандық әкімдігінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 12 қаулысына қосымша

Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 24.04.2017 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-КО-66

Қобда-Сарбұлақ-Абдыбұлақ

50

2

KD-КО-67

"Самара-Шымкент"-Бестау-Жарсай

69,1

3

KD-КО-68

Бегалы ауылына кіреберіс

2,155

4

KD-КО-69

Калиновка ауылына кіре беріс

1,615

5

KD-КО-70

Білтабан ауылына кіре беріс

1,6

6

KD-КО-71

Талдысай ауылына кіре беріс

0,48

7

KD-КО-72

Әлия ауылына кіре беріс

2,26

8

KD-КО-73

Жарсай-ІІ ауылына кіреберіс

3,04

9

KD-КО-74

Терісаққан ауылыны кіреберіс

7,96

10

KD-КО-75

Жаңаталап ауылына кіреберіс

3,03

11

KD-КО-76

Бестау ауылына кіреберіс

1,08

12

KD-КО-77

Жиренқопа ауылына кіреберіс

1,27

13

KD-КО-78

Көк-үй ауылына

23,31

14

KD-КО-79

Жарық ауылына кіреберіс

3,68

15

KD-КО-80

Құрсай ауылына кіреберіс

8,01

16

KD-КО-81

Исатай жол жөндеу пунктіне

0,525

17

KD-КО-82

"Самара-Шымкент"-Өтек-"Шұбарқұдық-Тұз-Төбе

36,065

18

KD-КО-83

Бұлақ ауылына кіреберіс

15,37

19

KD-КО-84

Егіндібұлақ ауылына кіреберіс

4,81

20

KD-КО-85

Қызылжар ауылына кіреберіс

0,52

21

KD-КО-86

Қанай ауылына кіреберіс

0,93

22

KD-КО-87

Байтақ ауылына кіреберіс

7,2

23

KD-КО-88

Қаракемер ауылына кіреберіс

0,78

Барлығы

244,79


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады