Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 21.05.2018 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Қобда ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қобда ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 12 "Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4745 тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі қаулының реквизиттерінде, атауында және мәтіні бойынша "Хобдинского", "Хобдинскому" сөздері "Кобдинского", "Кобдинскому" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Қ.Қалдығұловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Шермағанбет |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы |
А.Османғалиев |
Қобда ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 77 қаулысымен бекітілген |
Қобда ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдары индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-КО-66 | Қобда-Сарбұлақ-Абдыбұлақ | 50 |
2 | KD-КО-67 | "Самара-Шымкент"-Бестау-Жарсай | 69,1 |
3 | KD-КО-68 | Бегалы ауылына кіреберіс | 2,155 |
4 | KD-КО-69 | Калиновка ауылына кіре беріс | 1,615 |
5 | KD-КО-70 | Білтабан ауылына кіре беріс | 1,6 |
6 | KD-КО-71 | Талдысай ауылына кіре беріс | 0,48 |
7 | KD-КО-72 | Әлия ауылына кіре беріс | 2,26 |
8 | KD-КО-73 | Жарсай-ІІ ауылына кіреберіс | 3,04 |
9 | KD-КО-74 | Терісаққан ауылыны кіреберіс | 7,96 |
10 | KD-КО-75 | Жаңаталап ауылына кіреберіс | 3,03 |
11 | KD-КО-76 | Бестау ауылына кіреберіс | 1,08 |
12 | KD-КО-77 | Жиренқопа ауылына кіреберіс | 1,27 |
13 | KD-КО-78 | Көк-үй ауылына | 23,31 |
14 | KD-КО-79 | Жарық ауылына кіреберіс | 3,68 |
15 | KD-КО-80 | Құрсай ауылына кіреберіс | 8,01 |
16 | KD-КО-81 | Исатай жол жөндеу пунктіне | 0,525 |
17 | KD-КО-82 | "Самара-Шымкент"-Өтек-"Шұбарқұдық-Тұз-Төбе | 36,065 |
18 | KD-КО-83 | Бұлақ ауылына кіреберіс | 15,37 |
19 | KD-КО-84 | Егіндібұлақ ауылына кіреберіс | 4,81 |
20 | KD-КО-85 | Қызылжар ауылына кіреберіс | 0,52 |
21 | KD-КО-86 | Қанай ауылына кіреберіс | 0,93 |
22 | KD-КО-87 | Байтақ ауылына кіреберіс | 7,2 |
23 | KD-КО-88 | Қаракемер ауылына кіреберіс | 0,78 |
Барлығы | 244,79 |