1. Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 "Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында "наименования" деген сөзі "наименований" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағының 2), 4), 5) тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Торайғыр ауылында: Некрасов, Асау Барақ, Абай Құнанбаев, Сәңкібай Батыр, Т.Рысқұлов;
4) Шаңды ауылында: Ә.Жангельдин, Есет батыр;
5) Егізата ауылында: Әлия Молдағұлова, Бөкенбай батыр.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Жарманов |