Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауында жжәне деректемесінде "найменований", "аульного" сөздері "наименований", "сельского" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Құрмансай ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
1) Құрмансай ауылында: Қазақстан, Жастар, Жамбыл, Абай Құнанбаев, Қобланды батыр, Д. Қонаев, Исатай батыр, Ы.Алтынсарин, Ақтөбе, Ж.Кереев;
2) Торайғыр ауылында: Некрасов, Асау Барақ, Абай Құнанбаев, Сәңкібай Батыр, Т.Рысқұлов;
3) Ефремовка ауылында: Декабристер;
4) Шаңды ауылында: Ә.Жангельдин, Есет батыр;
5) Егізата ауылында: Әлия Молдағұлова, Бөкенбай батыр.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 18.03.2015 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 22.08.2016 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құрмансай ауылдық округінің әкімі: | Қ. Коктов |