Мұғалжар ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 33 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 ақпандағы № 4747 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Шаңғұтов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "27" қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілді

Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы /аудан,қала/
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар
1
      Мұғалжар ауданы
785
-
-

      кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар
Қалалық жердегі орналасқан
23885
-
-
Қалалық жердегі экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда
29620
-
-
Ауылдық жердегі орналасқан
29420
-
-
Ауылдық жердегі экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда
34166
 
 

      кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата – аналарының бір күнге төлемақы мөлшері (теңге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар
Қалалық жердегі орналасқан
400
-
-
Ауылдық жердегі орналасқан
400
-
-

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады