Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386, 444 баптарына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2016 жылғы № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Қ.Аймағанбетов | Н.Қалиева |