Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 163 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 13 наурызда № 3-9-181 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық Мұғалжар аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
      Н.Сарсенов Н.Калиева

  Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы
  16 ақпандағы № 163 шешіміне қосымша

Мұғалжар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 "Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-9-95 тіркелген, 2009 жылғы 23 наурызда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 74 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 "Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5382 тіркелген, 2017 жылғы 14 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімі;

      3. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4886 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      4. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №61 "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5236 тіркелген, 2017 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады