Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 05.12.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн аудандық бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. "Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3732 болып тіркелген, 2014 жылдың 16 қаңтарында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 131 Мұғалжар аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | Н.Қалиева |