Мұғалжар ауданынының Қандыағаш және Жем қалаларының көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 359 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының мәслихатының 2016 жылғы 3 қазандағы № 47 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қазанда № 5112 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қандыағаш және Жем қалалары халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындылары негізінде Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігіңің 10.01.2019 № 6 қаулысымен және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 10.01.2019 № 284 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы "Западная" көшесі "Нұрахмет Қаржаубаев" есімімен қайта аталсын.

      2. Мұғалжар ауданының Жем қаласындағы келесі көшелер:

      "Вокзальная" көшесі "Бәйтерек" көшесі деп;

      "Набережная" көшесі "Жерұйық" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Мұғалжар ауданы әкімдігінің қаулысы және Мұғалжар аудандық мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Данағұлов
      Сессия төрайымы,
      мәслихат хатшысы Н.Қалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады