Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № 22 "Темір ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 490 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 7182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № 22 "Темір ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4997 тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Г. Калиева
      Темір аудандық мәслихатының хатшысы
      Б. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады